«Мәңгілік еліміздің - Мәңгілік тілі»- Елбасымыз «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде,
бір болашақ» атты Жолдауында Мәңгілік Ел идеясын жариялағаны белгілі.- Мәңгілік Ел – барша қазақстандықтардың өміріне, болашағына қатысты
идея. Ертеңгі бағытын, жүретін жолын, өсу жолындағы мұратын анық білген
елдердің қандай жеңістерге жеткенін тарихтан білеміз. Біздің еліміз
тәуелсіздігіне енді қол жеткізіп жатқанда алдағы 30 жылын ойласа, енді жүрісін
дұрыстап, тынысын жөндеп алғанда Мәңгілік Ел мұратын алға қойды. Мәңгілік Ел
деген халықтың жағдайы, Мәңгілік Ел деген елдің өрлеуі, Мәңгілік ел деген
Мәңгілік жарқын өмір. Бұл мәселе және сол жолда атқарылуға тиісті іс-шаралардың
бәрі де ең әуелі халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Сонда әркімнің
мемлекет алдындағы, өз ұлтының алдындағы жауапкершілігі де арта түседі.
Елбасы Мәңгілік Ел болып қалу үшін не істеу керектігін айтып қана қоймай,
осы ұлы мұраттар жолындағы істі бастап берді