Адамның қолынан бәрі келеді. Мен бұны білемін, біле тұра өз тәжірибеме енгізбеймін. Менде өмірлік жоспар деген жетіп жатыр, мүмкін өмірге жоспар құрудың да қажеті жоқ шығар, мүмкін бұл жоспар емес, жай ғана армандар шығар. Мен жан-жақты болғым келеді, өзімді мықты сезінгім келеді. Кей сәтте ойлайсың, артыңа қарайсың, түк бітірмегем екенмін дейсің. Егер мен бүйтсем яки сүйтсем мен көп нәрсе жасар ма едім дейсің?! Ойлайсың, тағы тұңғиық ойға бата бересің? Менің қолымнан бәрі келеді деп айтасың, соны дәлелдегің келеді, өзіме де өзгеге де, бірақ тағы да қолымнан түк келмейтін сияқтанады. Мен мына өмірде жер басып тұрғанда артыма үлкен із қалдырып кетсем деймін, жай ғана өмірден жоқ болып кеткім келмейді… Артыма үлгі болар көп нәрсе қалдырғаым келеді. Ол үшін көөөөөп еңбектің қажет екенін білемін, бірақ кей сәтте тағы сенімсіз болып қаласың. Мен қазір жаспын ғой, ертеңнен бастап жаңа өмір бастаймын деп қоямыз әр дүйсенбі сайын, бірақ 2-3 күннен кейін сол қалпымызға қайта түсеміз, әлде мен ғана сондаймын ба?! Арман көп, арманды жүзеге асыруға менің әл-қуатым жетпейтін сияқты. Бірнеше шет тілін үйренгім келеді, музыкалық аспаптарда(домбырадан бастап пианиноға дейін)ойнағым келеді, Қазақстанымның және бүкіл әлемнің түрлі қалаларын көріп, саяхат жасағым келеді. Сосын, сосын… көп қой арман деген. Сосын әр күнін, минөтін, секундін бағалайтын адамға айналғым келеді, оған тағы да батылым бармай қалады. Сосын өте қарапайым тілегім бар кәдімгі мотоциклмен қатты қатты жылдамдықпен жүріп өтікм келеді. Осы тілектің неден пайда болғанын білмеймін. Қысқасы, өмірім өтіп жатыр күйбең тіршілік, біртүрлі мағынасыз сияқты. Бірақ өз өмірін мағыналы да мәнді ету әркімнің өз қолында емес пе?! (бұл-айтар ауызға, жазар қолға оңай) Сонымен, ертеңнен бастап мен өзімді қатал бақылап отыруға бел будым, сосын өзімнің мақсаттарыма қол жеткізуім керек деп шештім! Иә, сонсоң өзім қалаған нәрсемді міндетті түрде жасаймын!!!!!!!!!!!!!!!