Өсе бір түсіп тауларым,
Таси бір түсті көлдерім.
Кеңейе түсіп аспаным,
Көгере түсті жерлерім.
Бұлтсыз күннің шұғыласы
Жайнатып көркін ғаламның,
Даламда тыңнан күй туын,
Көңілін ашты адамның.
Заводта соғып жаңа ырғақ,
Гуледі көрік дауылдай.
Ащы тер құйды жауындай.
Иленді шойын қамырдай.
Колхозды аулым жайлауын
Дүрілдетті трактор.
Төсін тосты нәрлі жер,
Ағылтты ақын дәмді жыр.
Бұл он жылға шыққанда
Қазақстан дабылы,
Жаңа дүние дүбірі,
Жаңа қарқын ағыны.