СРОЧНО!!!19 баллов!!!Перевести на русский. Желательно ПОДРОБНО!!!!
Шымкент.
Қала экономикасының дамуына 1883 жылы ашылған дәрі-дәрмек өндіретін сантонин (кейінгі химия-фармацевтика зауыты) зауыты маңызды рөл атқарып, оның өнімдері экспортқа шығарылатын. Шымкент сантониносының сапасы өте жоғары болды, сондықтан ол ішкі рынокта үлкен сұранысқа ие болды. Оңтүстік Қазақстанның табиғаты дермененің өсуіне қолайлы, ал дермене жершарында өте сирек кездеседі. Сондықтан да Шымкенттің алғашқы және қазіргі қала таңбасында дермене бұтақшасы бейнеленген.
XXI ғасырда қала тарихының жаңа кезеңі басталды. Қала халқы елдегі үлкен өзгерістер нәтижесінде жаңа жетістіктерге жете бастады. Қалада жаңа өндіріс орындары салынып, оқу орындары мен ғалыми, мәдени ошақтар көбейді. Қала келбеті жаңа тұрғын үйлер, гүлзарлар, көшелер, саябақтармен ажарлана түсті. Шымкентте қорғасын зауыты, май комбинаты, тоқыма фабрикалары, т.б. ірі өндіріс орындары бар.