Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша бір түрлі жалғанып, заттың кептігін білдіреді. Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қыз-дар, мектеп-тер т. б.
Көптік жалғау тек өзі жалғанған сөз білдіретін заттың көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді.
Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде үйдің, шайдың кептігі емес, сол заттар қатысты адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін білдіріп тұр. Ал көптік жалғау кісі аттарына жалғанғанда, сол кісінің көптігін емес, оның қасында да көп кісі бар екенін білдіреді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы жинақтау мәні беріліп тұр.
Көптік ұғым кейде сан есімдер мен көп, мол, бірнеше, бір талай сияқты сөздер мен қайталама қос сөздердің затты анықтап тұруы арқылы да беріледі: көп адам, жиырма шақты окушы, қора-қора қой, тау-тау астық т. б.