Әрдайым күлімдеп жүруге тырысыңдар, жылы жүзді болыңдар! Бақытты болатындарыңа өздеріңді сендіріңдер!
Әрқашан кеңбауырлы болыңдар,
түсіністікпен мәміле етіңдер! Уақыттың қолында тұтқындай өмір сүрмеңдер!
Емін еркін еңбек етіңдер! Белгілі бір уақыт ішінде бірнеше жұмыстарға
бас ұрып, жүйкелеріңді бұзып алмаңдар!
Тәкаппар, менменшіл болмаңдар! Өздеріңді басқалардан жоғары көрмеңдер! Әрқашан қарапайым, кішіпейіл болыңдар!
Басқалар үшін ешқашан жамандық ойламаңдар және ешқашан кек сақтамаңдар!
Әрдайым жылы жүзді, жылы сөзді адамдармен дос болыңдар! Әр нәрсеге шағымдана беретін, пессимист адамдардан ұзақ тұрыңдар!
Ең маңыздысы, кейін өкінетін асығыс шешімдерден ұзақ болыңдар! Күдіктену, алаңдау адамның ішін кеміретін құрт іспеттес.
Адамдар бақытты болып, өмірдің мәнін түсінейік!!!