Мен абайдың ұрпағымын шығарма дам за ответ 20 баллов

0 голосов
111 просмотров

Мен абайдың ұрпағымын шығарма дам за ответ 20 баллов


Қазақ тiлi (172 баллов) | 111 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқпақпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық, білімсіздік, ашкөздік, өтірікші, өсекші, мақтаншақтық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті. Ол өз дәуірінің өмір шындығын, рухани болмысын танып біліп, өлеңде, қара сөзде өрнектеген ақын. Ұлы Абай - ұлт поэзиясының кемеңгері Абайды тану, оны түсіну адамзат баласының қолы оңайлықпен жете бермейтін рухани, адами биіктікке алып баратын басқыштың бір баспалдағы. Оны мен, мен түгіл бүкіл қазақ жұрты солай түсінер деп ойлаймын. Шын мәнінде Абай қазақ үшін, әдебиетіміз бен мәдениетіміз, әдет-ғұрпымыз бен салт-сана, рухани болмысымыз үшін өзегі терең бәйтерек. Осы орайда, елбасының мына сөзі ойыма орағытады да тұрады: «Абай - біздің ұлттық ұранымыз болуы керек, Абайды тану арқылы біз қазақстанды әлемге танытамыз. Менің балаларым, мен ертеңгі ұрпағымызға Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс», - деп толғаған бұл байлам, әрбір қазақ баласының көкейінде жүрер, қасиетті ұғымға айналуы тиіс. Дегендей-ақ, бүгінде Абайды білмейтін, оның өлеңін, шығармаларын оқымайтын, Абайдың философиясын, таным-дүние түйсігін сезіп, білмейтін алаш кемде-кем шығар. Ендеше, бір сөзбен айтар болсақ ұлт мұратын, ұлттың тілін, діңін, халық аманатын әлемге паш етер болсақ, Абайға бас июіміз қажет. Сонда ғана ұлт армандарының, мұрат қағидаларының орындалғаны деп білеміз. Қазақтың бас ақыны Абай. Онан асқан, бұрын-соңғы заманда қазақ баласында болмаған. Сондықтан да бас ақын деп айтарымыз сөзсіз. Ендеше Абайдың поэзиялық, прозалық мұрасымен қоса  әр заманда бағасы жойылмайтын бір үлкен қымбат қазынасы, қара сөздері бар.   Қазақтың жазба әдебиетін анық биік белге өрлетіп шығарған Абай. Өлді деуге сірә де сыймайтын, кейінгіге өлмес сөз қалдырған һәкім Абайдың қазақтың төбесінде биік болары осыдан. Қара сөз деген ұлы мұрасы қасиет теңдеген ұлының ғұмырын, шығармаларын әр толғанысын баяндау  болса, бүгінге дейін асыл қара сөз мұрасы қазақтың жарқын болашағының тәрбие құралы. Демек, қазақтың қуанғанын да, мұңайғанын да, жылағанын да, қиналғанын да, күсінгенін де Абай мұраларында тебірене жырға қосты. Сөз өрнегі, інжу маржан мен өрнектелген  мұрасының басты тақырыбы да адм болу, надандық жамандық әрекеттен аман болу. Ендеше, Абайдың даралығын, оның мұрасын бір ғана өлең шумағына сыйдырған айтыскер ақын Қойлыбай Асанның мына бір жыр шумақтары соны дәлелдегендей:
Қазаққа ең жаманға надан болу,
Надан болып, басқаға бодан болу.
Ақын болу әркімге арман шығар,
Абай болу, алдымен адам болу.
Пах, шіркін-ай, десеңші! Осындай бір жолға Абайды толығымен сыйғызу қазақтай дархан көңілді пәктігімізден шығар. Қорыта айтар болсақ, қазақта «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» деген мақал бар. Абай мыңнан, миллионнан озып шыққан тұлпар. Абайлар жүз жылда, мың жылда бір - ақ рет туады. Абай - таудай тұлға. Абай - сахарадай шежіре. Абай - сегіз қырлы, бір сырлы суреткер. Шебер қол, сезімтал жүрек, милы парасат таңдайтын түйіндер - сансыз ұрпақтың үлесі. Абай әр қазақтың сөзі әрдайым аузындағы жыры, сансындағы ар-ұжданы, көкірегіңдегі иманы болып қала бермек.  Ақын мұрасы - халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Абай ақындығының тарихымызбен бірге жасайтын ұлы тағылымы да осында!
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де  халқының жадында бірге мәңгі жасай берері атар таңдай ақиқат қой.

(687 баллов)