Тасымал деген не? Сөзді тасымалдау

0 голосов
282 просмотров

Тасымал деген не? Сөзді тасымалдау


Қазақ тiлi (14 баллов) | 282 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т. б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б.
Жазу барысында бір жолға сыймаған сөзді буын жігі арқылы екінші жолға көшіруді ТАСЫМАЛ деп атаймыз.

(28 баллов)
0

Рахмет!!