Помоги пожалуйста с сочинением ** тему Улице спорт турлеры заранее спасибо

0 голосов
74 просмотров

Помоги пожалуйста с сочинением на тему Улице спорт турлеры заранее спасибо


Қазақ тiлi (16 баллов) | 74 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

1. Коньки тебу спорты
Конькимен жүгіру-бұл дене жаттығуының түрі, бұл жаттығуды адам мұз бетінде арнайы дайындалған құралда, аяқ киімге бекітілген конькимен сырғиды. Белсенді демалу, денсаулықты күшейту мақсатындағы аздаған жылдамдықпен конькимен жүгіру ойын-сауығы жәй сырғанау деп аталады. Жәй сырғанаудың ішіне- жеке, жұптық және топтық жылжу, сонымен қатар мұз үстіндегі ойындар кіреді. Сонымен конькидің әр түрлі үлгілері қолданылады. Жәй сырғанау ереже бойынша конькимен спорттық жаттығудың барлық түрлерінің мамандандырылған сабақтарының алдында тұрады: конькимен жаттығулар, шапшаң сырғанау, мәнерлеп сырғанау (жеке және жүппен), мұз үстіндегі спорттық би, хоккей, шайба және доппен ойындар. Сол себеп бойынша оны конькимен косымша жаттығуларға жатқызады. Конькимен шапшаң сырғанау (Коньки спорты)- бұл спорттық жаттығудың түрі, бұл жаттығуды орындағанда коньки тебуші жарыс шартында барынша мүмкіндігі бар өз жылдамдығымен ереже бойынша регламенттелген ара-қашықтықты жеңіп алуға тырысады. Шапшаң сырғанауда жәй және арнайы конькилер қолданылады.

2. Шаңғы жарысы
Шаңғы жарысы-Қазақстандағы спорттың кең таралған түрінің бірі.
Көпшілікке әйгілі болып жүрген спорт түрінің бірі әр түрлі ара қашықтықтағы шаңғы жарысы болып табылады. Спорттың осы түрімен айналысу дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады, қозғалыс әрекеттегі бірінші орын алады.  
Еліміздің көптеген аймақтарында, қыс мерзімі ұзақ және қарлы жерлерінде, шаңғымен айналысу дене тәрбиесінің кең тараған түрі. Шаңғымен айналысу кезіндегі дене тәрбиелік жүктеме көлемі және қарқындылығы бойынша өте жеңіл бөлінеді. Бұл шаңғыны әр жас шамасындағы әйелдер мен ер адамдар үшін дене тәрбиесі құралы ретінде, денсаулықтың қалпың және дене тәрбиесі дайындығын жарнама етуге мүмкіндік туғызады.  
Бірыңғай бұлшық ет қимылдарымен жұмыс жасау, төмен температураларда және таза аяз ауада, ағзаның әр түрлі ауруларға шалдығуына қарсылық жасауын көтереді және жұмыс жасауға жаратымды көмегін тигізеді. Шаңғымен әдемі ормандарда және беткей бойынша әр түрлі өңірлерде серуендеу, сырғу жүйкелік жүйеге, ми және тәннің еңбекке қабілеттілігіне жаратымды ықпалын тигізеді.   
(19 баллов)
0

спасибо