Мамандық таңдауда нені ескеру керек?
Ең алдымен, мамандығыңыздан не алғыңыз келетінін жақсылап ойланыңыз. Қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын ұстанғыңыз келеді, жоғары жалақы деген сіз үшін қаншалықты маңызды, т.с.с. Әлбетте, өзіңіздің қабілетіңізді ескере отырып шешім қабылдағаныңыз жөн. Егер алгебрадан үштікпен оқысаңыз, бағдарламалаушы мамандығын армандап қажеті жоқ. Тағы бір ескеретін нәрсе – өзін-өзі бағдарлау тесті. Бұл деген не? Сіз келісіп, мақұл көрмейтін әр алуан пайымдаулар. Мұндай тестілерде физика, химия, астрономия, әдебиет және өзге де көптеген пәндер бойынша сұрақтар болады. Бұл сұрақтар сіздің қызығушылығыңыз бен ақыл-парасатыңыздың деңгейін анықтауға көмектеседі.