Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым" атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес. Бірінші себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға-Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін " Қазына толы қамбадан" қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың . Енді, кітап жайлы біренеше мәліметке қанық болғайсыздар. Жазушы Мархабат Байғұттың бұл кітабына ауыл туралы әңгімелер енген. Ауылға іңкәр қаламгердің аталмыш тақырыпқа жиірек жазатыны, уызды да уытты тілі, әдемі әзілі мен астарлы әжуасы оқырман қауымға белгілі. Ауыл адамдарының сезімталдығы мен сағынышын, мұңы мен махаббатын, талайы мен тағдырын табиғи бейнелейтін прозашы жаңа әңгімелерінде қазіргі заман талабына, бүгінгі уақыттың әуеніне сәйкес психологиялық тың ізденістер таныта түскен. Кітап мазмұнының құрамында : "Жалбыздың жағасында", " Көрпесайдың кітапханасы", " Айып", "Варвараның көмбесі", " Алпыс үшінші жылғы махаббат" т.б. өте шығармалар молынан жинақталған