Эссе ** тему Ескен Елубаев

0 голосов
125 просмотров

Эссе на тему Ескен Елубаев


Қазақ тiлi (18 баллов) | 125 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.

ШығармашылығыӨңдеу

Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды.Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.

Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;
Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;
Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.
ЖетістіктеріӨңдеу

Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 — 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.[1]

ДереккөздерӨңдеу

Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Ақ арыс” баспасы, 2009 жыл
Басқа тілде оқу
Уикипедия ™ Мобилдік нұсқаКомпьютерлік нұсқа








(20 баллов)