Напишите пожалуйста сочинение про маму за казахском языке 6-7 предложений

0 голосов
43 просмотров

Напишите пожалуйста сочинение про маму за казахском языке 6-7 предложений


Қазақ тiлi (20 баллов) | 43 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ана — отбасы ұғымында — балалы әйел, туған шеше; туыстық байланыста — әже, апа, қарындас, жеңге, балдыз, құдағи, құдаша т.б. Ана бейнесі ежелден жыр, аңыз желісі болып келе жатыр. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа — көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” — парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді. Ананың көшпелілер қоғамында алатын орнын, бітім-болмысын жан-жақты ашып көрсететін мұрағаттарды қадым замандардан көптеп табуға болады. Зерттеушілер Қазақстан жеріндегі археологиялық қазбалардан табылған заттарға, кісіні жерлеу ерекшеліктеріне сүйеніп, ежелгі дәуір адамдарының ұғым-нанымында ру басшысы және ошақ иесі ретінде Анаға табынғандығын жазады. Бұған Қазақ даласынан табылған сүйектен ойып, тастан қашап жасалған әйел мүсіндері куә. Қазақстанның солтүстік-батысындағы байтақ даланы, Оралдың оңтүстігін мекендеген сарматтарды (б.з.б. VІІ—VІ ғ.ғ.) Әйел-Аналардың басқарғандығы жөнінде деректер бар. Қазақ қоғамындағы ел аналары мен әйелдердің жайы осы өңірде болған саяхатшылардың да қаламдарына іліккен. Мыс, Дешті-Қыпшақ даласында болған Ибн-Баттута, Марко Поло т.б. әйелдердің жергілікті тұрғындар тарапынан қатты құрметтелетінін таңдана жазған. Ерлер билігі үстемдік еткен дәуірде де қазақ қоғамында Аналар мерейі төмендетілмеген. Қазақстан жеріндегі Аналар атымен аталған жер-су, кешендер, күмбездер, қалалар, тайпа-ру атаулары бұған айқын айғақ бола алады. Мысалы, Қозы Көрпеш — Баян сұлу күмбезі (Аягөз өзені бойында), Бикен-мұнара (Сырдария бойында), Белең-Ана, Жұбан-Ана күмбездері (Сарысу өзенінің бойында) сақталған. Жеке ескерткіштерді былай қойғанның өзінде, орта ғасырлық талғам-түсінікпен тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс.

(244 баллов)