Алгашкы кар шыгарма кыс

0 голосов
97 просмотров

Алгашкы кар шыгарма кыс


Қазақ тiлi (20 баллов) | 97 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Таңды таңғажайып оқиғамен қарсы алдық. Қар жауыпты. Алғашқы қар. Айнала аппақ. Қиқуын салып қараша қаздар ұшып кеткенен бері күтіп жүргенбіз.Адамзат баласының жаздың аптап ыстығы мен дауылды желдерінде, күздің желді салқыны мен суық жаңбырында аппақ қарлы қысты сағынатыны да рас. Жылдың төрт мезгілінің жарасымды байланысын қыс жалғайтынын алғашқы қар жеткізді.Қармен бірге қыстың алғашқы сәлемі де есігімізді ашқандай. Қыс, әдетте, тазалықтың, денсаулықтың, сергектіктің белгісі сияқты болып елестейді.Үлкендерден гөрі шана сүйреген балалар аңсайтын қыстың келіп қалғаны ма?Түс ауа күзгі аспан түнеріп, қара жауын үздік – үздік боп себелеп, қараша келмей тұрып жауған қарды жер бетінен жоқ етті. Алғашқы қар бір есептеп бізге « Кәрі құдаң қыс келеді, дайын бол, малыңды байла, жем-шөбіңді сайла» деп ескерткендей ме қалай?Қалай болғанда да биыл алғашқы қар 21 қазан күні жауды.Қуандық, тандандық. Қардың келесі жаууын күтудеміз.

(126 баллов)