Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйеқуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән»,екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім»,«Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы —«Қансонарда» 1882ж. жазылған.