Абайдын 19 кара сози

0 голосов
204 просмотров

Абайдын 19 кара сози


Қазақ тiлi (14 баллов) | 204 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Адам ата анадан туғанда есті болмайды: естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе,дүниедегі жақсы жаманды таниды дағы сондайдан білгені көргені  көп болған адам білімді болады.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды.Сол естілерден естіп білген жақсы нәрселерін ескерсе,жаман дегеннен сақтанса,сонда іске жарайды,соны адам десе болады.Мұндай сөзді есіткенде жайқақтап,шалғырттанып не салбырап салғырттанып естісе не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса,не сол жерде сөзініңніңрасына көзі жетсе де,шыға беріп қайта қалпына кетсе,есіп-есітпей не керек ? 

(105 баллов)