«Тым ерте замандарда қарағай да, сексеуiл де ойпаттардағы жасыл алқапта өседi екен. Бұлар қонысқа таласып: «Әрi отыр, берi отыр!» деп қыжақ болып, ең соңында, сойылдасып соғысыпты. Олардың арасына түсiп, арашалау ешкiмнiң қолынан келмептi. Тал терек ақылдасыпты да, бұлардың жасақ сайлап, соғысып жатқан майданына сел қаптатып жiберiптi. Сексеуiл селден қашып, шөлге кетiптi, қарағай судан қашып, тауға шығыпты. Сексеуiл мерген екен, қарағайдың өн бойын түйреген, iшкi бұтақтар сексеуiлдiң атқан оқтары екен. Қарағай найзагер екен. Сексеуiлдiң тұла бойындағы тыртықтар қарағайдың найзасынан қалыпты. Содан берi қарағайлар сексеуiл келiп қалмасын деп, тау басында тұрып қарауыл қарайды, ал қарағайдан қорыққан сексеуiл құм-шөлге бұғып, сояуын кезейдi. Қонысқа сыйыспай, соғысқан екi мықтының бiрi үркiп, тауға шығып, бiрi ығып, шөлге бұққан соң, кең өзендi өңiр тал мен терекке қалыпты».
Тал мен теректің әрекеті дұрыс па? Егер тап осындай әрекетті адамдар жасаса қалай БАҒАЛАР ЕДІҢДЕР?
ДҰРЫС ДҰРЫС ДЕП ОЙЛАЙТЫН СЕБЕБІМ....
КЕЛТІРЕТІН ДӘЛЕЛДІ ОЙЫМ:
ДҰРЫС ЕМЕС
ДҰРЫС ЕМЕС ДЕП ОЙЛАЙТЫН СЕБЕБІМ....
КЕЛТІРЕТІН ДӘЛЕЛДІ ОЙЫМ: