Өздігінен бата алмас,
Адам өмірімен қатарлас.
Ол болмаса пендеңіз,
Тіршілік өмір жасамас.
/Киім/.Айтамын бір жұмбақты сізге нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
Үстіне ақ камзолын киіп алып,
Жүреді екі қолын артына ұстап.
/Сауысқан/.
Үйде отырады, жатпайды,
Көзін терімен қаптайды.
Жазда бекер тұрса да,
Бергенді қыста ақтайды.
/Бүркіт/.
Екі аяғы да жоқ,
Белінде таяғы да жоқ.
/Жұмыртқа/\
Күн батса қонақтап қалғыған,
Таң атса жерден жем аңдыған.
/Тауық/.
Биік таудың басында қара лашық,
Түңлік жабық болғанмен есік ашық,
Қайда жүрсең қажетің соған түсіп,
Құтылмассың керексіз деп одан қашып.
/Бас киім/
Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.
/Шалбар/.Тұла бойы тыста,
Екі қолы іште.
/Белбеу/.
Көсеуді бесеуге сұқтым.
/Қолғап, саусақ/.Дөңгелек айналасы, төртеу көзі,
Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі.
Нәрсені қашық тұрған жақындатып,
Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.
/Түйме/.