Перевидите текст:
Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы — қымыз, ойын-сауық —«кататься». Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Маскүнем, Төбелес. Үй қыдырған көлең-көлең ақ жаулық... Жаз шықса пароход, паром, желқайық,жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйтсоққан, масайраған шат көңіл... Сырнай-керней...Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.
Стипендиядан жырмалаған азды-көпті тиынның қызығын көргелі адам сияқтанып отыз тиынға бержабай жалдап, жексенбі күні ар жаққа тарттық.
— Балалар, қайда апарайын?
— Қай жақынына апар!
— Жақыны Аққатын... Шәкет те алыс емес...
Бержабайшы қос терезелі тоқал үйдің алдына ойысып тұра қалады.
Көптен күткен жеңешедей, ауыз үйдегі алтын сырғалы, ақ құба, бидай өңді кербез жеңгей: «Балалар, жоғары шығыңдар!» — деп майысып, төргі үйге қарай сілтейді.