Текст" Мой город - Караганда". Помогите плиз. Заранее спасибо.

0 голосов
52 просмотров

Текст" Мой город - Караганда". Помогите плиз. Заранее спасибо.


Қазақ тiлi (230 баллов) | 52 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Менің туған қалам Қарағанды қаласы.Алып жатқан жерінің аумағы (577км²) жағынан республикадағы ең үлкен, халқының саны бойынша (423,7 мың адам 2003) төртінші (Алматы, Астана, Шымкенттен кейін) қаласы. Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды.Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Мұнда 303 мың тонна көмір өндірілді.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда ҚР ҰҒА-ның Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғыл-зерт.және жобалау институттары (ҰҒА-ның химия-металлургия, фитохимия ғыл.-зерт.ин-ттары, Көмір ғыл.-зерт. ин-ты, «Гипроуглегормаш» жобалау ин-тары, т.б.) орналасқан. Қарағанды мемлекеттік университеті, тех.ун-т, медицина академиясы, заң ин-ты және әр саладан мамандар даярлайтын мемл. емес 10 жоғары оқу орыны жұмыс істейді. 10 кәсіптік –тех. мектеп, 39 мектепке дейінгі баладар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, муз. комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қарағандыны салудың бірінші бас жоспары 1936 жылы қабылданғанымен қаланы жоспарлы түрде дамыту 2-дүниежүз. соғыс жылдары тоқырап қалды. 1960 жылы жаңа бас жоба бойынша қаланы кешенді салу басталды. Индустриялық негізде Майқұдық, Оңт.-Шығыс ірі тұрғын массивтері салынды. Қаланың орталық бөлігі- Жаңа Қаланы салу негізінен аяқталды. 1960-85 жылы аралығында әлеум. және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандары бар инж. Жағынан толық қамта-масыз етілген 20-дан артық ірі шағын аудандар тұрғызылды. Қарағандының орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар тобы (арх. Э.Г. Меликов, С.И.Мордвинцев, М.О.Жандаулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды. (1978ж). Қарағандыда Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орна-тылды.(1958ж), «Шахтер Даңқы» (1976ж) және 2-дүниежүз. соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978ж) арналған монументтер қойылды. Елді индустрияландырудағы үлкен рөлі, 2- дүниежүз. соғыста ел экономика-сын қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін қала Еңбек Қызыл Ту ордені-мен марапатталған (1984ж). Мен өз қаламды өте жақсы көремін. Туан қалам жайлы әлі де көп айтылған жоқ, өз қалам жайлы ататын жақсы сөздерім шексіз!

(463 баллов)