Қазақша жыл санау мен жыл қайыру кестесі бойынша, жылдар бірінен соң бірі былай аталады: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Осылайша жылқы жылынан кейін келетін қой жылы киелі болмақ. Оның дәлелі 1966-67 қой жылында Қазақстанда миллиард пұттан астам астық алынды. Құнанбай қажы қой жылы туып, Шоң би қой жылы қайтыс болған. Қазақстан 1991 қой жылы тәуелсіз ел атанған. Ахмет Байтұрсынов қой жылы (1873) дүниеге келген. Алла жазса осы жыл да айтулы болады!