Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы. Сыйлықтың тарихы бірнеше мыңжылдықтарды қамтиды.Көптеген ғасырлар бойы адамдар көңілдің, сыйласымдық пен достықтың белгісі ретінде бір-бірлеріне сыйлықтар сыйлайтын. Этикет формалары орта ғасыларды қалыптасқан.Сыйлықтар мен алмасу қоғам өмірінде маңызды рөл атқарды.Үйлену, еске алу, келісімге отыру, қонаққа бару және басқа да маңызды оқиғалар сыйлық сыйлаумен өткізілген болатын. Сыйлықтың өткені жоқ сияқты, алайда оның тарихы 2000 жыл бұрын бастау алған. Сыйлықта таңдау кезінде көніл аударарлық жай оның бағасы болып саналады.Бұл әсіресе АҚШ-та маңызды рөл атқарады.Тіпті Л.Джонсон президенті билігі кезінде "Қызметкердің этикалық кодексі" қабылданды.Кодекс регламенті бойынша қызметшіге сыйлаған сыйлықтың бағасы отандастар үшін 20 доллардан, ал шетелдіктер үшін 225 доллардан аспауы керек.Сол сияқты декларациялар басқа да бірқатар елдерде қабылданды.