1. ағайынның аты озғанша,
ауылдастың тайы озсын.
2. ағайын тату болса - ат көп,
абысын тату болса - ас көп.
3. адал адамның аты арып, тоны тозбас.
4. адам болатын бала қонаққа үйір,
ат болатын тай саяққа үйір.
5. адам құлақтан азады,
ат тұяқтан азады.
6. адамның қуы молда болар,
жылқының қуы жорға болар.
7. адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше.
8. адамсыған жігітті үйінде көр,
атсынған айғырды үйірінде көр.
9. азамат ердің ішінде ат басындай шер өсер.
10. азаматтың қәдырын ағайын білмес, жат білер,
айыл-тұрман батқанын иесі емес, ат білер.
11. азулы ат арымас.