Мне нужно сочинение ** казахском языке мой язык

0 голосов
62 просмотров

Мне нужно сочинение на казахском языке мой язык


Қазақ тiлi (12 баллов) | 62 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Тіл-халықтың ең негізгі байлығы.Қазір заман талабына сай біз үш тілді жетік білуіміз қажет. Тіл білу-байлық.Әсіресе,өркениетті еліміздің дамуына үлес қосқымыз келсе,көп тілді игеру біздің қазіргі алға қойған мақсатымыз.Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі.Бұл бүгінгі елдің тыныс-тіршілігін айқындайды және жалпыға ортақ қалыпты норма болып саналады.Үш тілді қатар меңгеру бәсекеге қабілетті ел азаматының міндеті.Қазіргі уақытта бірнеше тілді меңгерген азаматтардың қай ортада да жұмыс істесе де жолы ашық.Мемлекеттік тіл мемлекет өмірінің барлық саласында “бүкіл қағамымызды біріктіруші”қызметін,орыс тілі ұлтараық қарым-қатынас тілі,ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға,әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етуде.Көрнекті классик жазушы Сәбит Мұқановтың “әркімнің туған тілі-туған шеше,оған бала міндетті сан мың есе”деген сөздерін мысалға ала отырып,түсіне,ұғына білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқындары да жүрекке тіл арқылы ұялайды.Елбасы өз жолдауында: “Қазақ тілі-біздің рухани негізіміз...Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде.Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп,кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады...”-деп айтты.Елбасымыз жыл сайын халқына жолдауында қазақ тілі туралы айтып кетеді.Тіл-біздің қазақтығымыздың кепілі.Біз өзіміздің тілімізді одан әрі дамытуымыз керек.Сонымен қатар біз орыс тілі мен компьютердің,экономиканың тілін меңгеруіміз қажет.Көп тіл білгеннен ешкім де ұтылмайды.Қазақ тілі-бай да құнарлы тілдер қатарына жатады.Ежелгі бабаларымыздың тарихы,шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзімміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр.Тіл тіралы ерте заманнан бері өлең-жырлар айтылып,жазылған.Соның бірі: Сүйемін туған тілді-анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнін, -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз жырлап өткен.Қазақ тілі Бауыржан Момышұлының сөзімен айтқанда “тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі,бүгінгі ғана тағдыры емес,бірсүгінгі де тағдыры.Қазақ тілі өткірлігімен,бой балқытып,құлақ құрышын қандырып,ұғымына қонымды,жүрегіне тиімді...Қысыл таяң қатал жағдайда қайрап,егеп,сөз тапқанға қолқа жоқ дегендейін ерге,елге медет болып адам түгіл,жағдайдың көмейіне құм құйып,аузын аштырмай,үнін шығармай қоятын тіл.”Тіл атадан балаға мұра болып қалатын асыл мұра.Сол себепті өзіміздің тілімізді ұмытпай басқа тілді де меңгеріп,біліп жүрейік ағайын!.

(397 баллов)
0

мне нужно мини сочинеие