Помогите перевести текст с казахского на русский.Үлкен адамдардың
әңгімесіне ден қойып, құлақ түрсеңіз, «жол кеспесем, амандық болса, топырақтан
тысқары болсам» деген тіркестерді жиі естиміз.Жолдың мағыналық
ауқымы біздің күнделікті тұрмыста жиі қолданып жүрген ұғымнан әлдеқайда кең.«Атаның ақ жолы»,
«Есім салған ескі жол», «Қасым салған қасқа жол», «Жолы үлкен», «Әйелдің жолы
жіңішке», «Жолың болсын, жолдасың Қыдыр болсын» деген сөздер қадым заманғы
қалыптасқан ұлттық рухани мұрамыздың алтын тамыры іспетті.Адамзат
тарихындағы ең алғашқы тас кітаптардың авторы, түркі халқының еңбегі тасқа
басылған тұңғыш жырауы Иоллық Тегіннің есімінің өзі «Жолы үлкен» дегенді
білдіреді.Жол - кеше мен
бүгінгінің, бүгін мен ертеңнің арасын жалғап тұрған бейнелі сөз.Жол - ұрпақ
көшінің үмітті болашағы.Ендеше,
ата-анаңның ақ батасын алып жолға шық, жас досым!