Махамбет өтемісұлы шығарма керек еді

0 голосов
130 просмотров

Махамбет өтемісұлы шығарма керек еді


Қазақ тiлi (12 баллов) | 130 просмотров
0

Алаш тобы айтады

0

осы оленди

Дан 1 ответ
0 голосов

Казахские песни — өлеңдер / - туған жер туралы

Назад
Мен, мен едім

Сөзі: Махамбет Өтемісұлы

Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің
Атандай даусын ақыртып,
Лауазымын көкке шаңыртып,
Басын кессем деп едім!
Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім.
Тақта отырған хандардың
Төрде отырған ханымын
Қатын етсем деп едім.

Мен - мен едім, мен едім!
Мен Нарында жүргенде
Еңіреген ер едім.
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім.
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Ерегіскен дұшпанға
Қызыл сырлы жебе едім.
Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Хан баласы ақсүйек -
Ежелден табан аңдысқан
Ата дұшпан сен едің,
Ата жауың мен едім.
Ежелгі дұшпан ел болмас,
Етектен кесіп жең болмас!
Хан баласы ақсүйек -
Байеке сұлтан сен болып,
Сендей нарқоспақтың баласы,
Маған оңаша жерде жолықсаң,
Қайраңнан алған шабақтай
Қия бір соғып ас етсем,
(126 баллов)