Переведи пожалуйста
Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астында көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарныңаш болмас, киімсіз болмассың», -депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйінің айналасындағы жерді ертеңді-кешті еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.
Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді.
-Балам, сен әкеңнің өсиеттіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып,еңбек етсең, уақытында өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың, көп байлыққа дұшар боласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте,-депті қария.