Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына және жасалуына қарай
өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң,
ұяң және үнді дауыссыз дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың
және діріл дауыссыз дыбыстары;- жасалу орнына қарай: ерін және тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек
салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ,
п, с, т, ш
2. Ұяң
дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы
жасалған дауыссыз дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң
дауыссыздарда үннен гөрі салдыры басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар
жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн
мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн басым болатын
дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді
дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді: - ауыз жолды: й, л, р, у;- мұрын жолды: м, н, ң.
4.
Ерін дауыссыздары Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше
қызмет атқаруы нәтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп
атаймыз. Ерін дауыссыздарына мыналар жатады: б, м,
п, у.
5. Тіл
дауыссыздары
Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің
түрліше қызметі арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп
атаймыз. Тіл дауыссыздары тілдің қатысына
қарай үшке бөлінеді:- тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, ш; - тіл ортасы: г, к; - тіл арты: ғ, қ, ң.
6. Шұғыл дауыссыздар
Фонациялық ауа
тербелімінің ауыз қуысында толық тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз
дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) дауыссыздар
деп атаймыз