Гарышкер сөзіне әңгіме құрау

0 голосов
144 просмотров

Гарышкер сөзіне әңгіме құрау



Қазақ тiлi (20 баллов) | 144 просмотров
0

әңгіме әлде сөйлем?

Дан 1 ответ
0 голосов

       Менің жазғаным емес.
   Әбілбеков Нұрсұлтан. Қостанай облысы Арқалық қаласы                                       №10 орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
                                     Мен ғарышкер боламын   
     Көк пен жерді жалғаған, арасына байланыс орнатқан қасиетті жер - Байқоңыр! Кемелер самғаған қанаттылардың мекені болған қазақтың жері - Байқоңыр! Жер жетпейді әлемде бір өзіңе тең келер. Дархан елім, ғажап жерім - Байқоңыр!       Байқоңырды тебірене еске алғанда, арманыма қанат бітіп, көкке самғағандай күйге бөленемін.Менің басты арманым - ғарышкер болу. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдай қараймын. Аспаным менің, арманым менің арайлы! Таудай үлкен талабым бар, үлкен ғалым боламын мен, ата-анамның сенімін де ақтаймын. Отанымды сүйіп өтем, туған жерге махаббатымды мәңгі сақтаймын! Оқу оқып, білім нәрін жинаймын, қияға қанат қағамын, ғылымның сан қырын ашып, қызықты өнер табамын.Саятшы менің Отаным, мен боламын бала сұңқарың. Космосқа күнде ұшатын космонавың боламын!       Мақсаттың сұңқарына мініп, алысқа бет түзеймін. Бағытымнан аумай, шетсіз-шексіз ғарышты аралаймын. Кемемен мен заулаймын, қиындықтан әсте қорықпаймын. Сырын ашып ғаламның,  еліме қызмет етемін. Бұл менің басты арманым. Еліктеймін Тоқтар ағама. Тоқтар аға - тұңғыш ғарышкер, батыр ғой ол тұңғыш ұшқан ғарышқа. Ағамның жолын маған да беріп, мен де ұшсам ғой ғарышқа, туған жерімнің сәлемін апарар едім Марсқа.       Мен ұшқыш болу үшін біліммен қатар денемді де шынықтыруым керек екенін түсіндім. Ол үшін мен дұрыс тамақтанып, жаман әдеттерден аулақ болып, спортпен шұғылдануым керек. Мен елімнің игі ісі үшін еңбек ететін батыр ұлы, ержүрек азаматы болғым келеді. Тоқтар, Талғат ағаларым болған ғарышта мен де болсам деп армандаймын. Менің көз алдыма ғарыштан оралғанда мені сағынып, күтіп тұрған, құшақтары гүлге толған, көңілдеріне қуаныш қонған, жүздерінен мейірім төккен, сағынышпен жүзімді өпкен аяулы халқым - қазақ елі елестейді. Өйткені бұл менің арманым ғой көптен күткен.                                   .

(512 баллов)