Составить не бльшое сочинение ** тему кішіпейілділік

0 голосов
120 просмотров

Составить не бльшое сочинение на тему кішіпейілділік


Қазақ тiлi (17 баллов) | 120 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Кішіпейілдік – ізеттілік пен әдептіліктің, құрмет пен сыйластықтың белгісі, пейіл мен ниеттің бір түрі. Ниеті бұзық, пейілі жат, тәкаппар, өзімшіл адамда шынайы Кішіпейілдік болмайды, көлгірлік, есепті жағымпаздық болады. Кішіпейілдік жасынан тәрбие көріп, өнегелі отбасында өскен жасқа да, өзінен кішіні “ақылы асса аға қоятын”, “алды кең, арты кеніш” ұлағатты қарияға да тән. Үлкен мен кішінің достығы мен сыйластығының тіні – кішілік пен кісілік, арқауы – құрмет пен ізет. Қонақтың қолына су құю – Кішіпейілдік, сырлы сұхбатта сөзді бөлмеу – көргенділік. “Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” дейтін халық мақалы әуелі өзіңді сыйлауды, ағайын-туыстың арасындағы сыйластықтың негізі – әдептілік пен Кішіпейілдік ті жоймауды, досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды көздейді

(88 баллов)
0

спасибо