Сочинение ** теме Интернет және біз Срочно нужно :С Часа через 3

0 голосов
70 просмотров

Сочинение на теме Интернет және біз
Срочно нужно :С
Часа через 3


Қазақ тiлi (108 баллов) | 70 просмотров
0

на тему*

Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Міне, 2 жарым жылдай болды, мен және интернет екеуміз айрылмай, дос болып келеміз. Және де интернетпен өткен жылдарыма мен еш өкінбеймін. Қайта қайталап, қалай өткізер едің десе, дәл осылай өткізер едім деймін. Интернет өзгерткен менің мынадай 5 нәрсем бар:1. Көрегенділік. Интернет арқылы адамдарды тани бастадым. Қырларын, сырларын, сөйлегендеріне қарап, ішкі болмыс пен сыртқы қалпын ажырата бастадым.2. Идеялардың іске асуы. Блог аштым, Мой Мирде қауымдастық құрдым. Небір ақындардың өлеңдерін оқып, қазақ поэзиясының керемет майталмандарымен таныстым, дәмдес болдым.3. Рухани даму. Интернеттен көшіріп, көптеген кітаптар оқыдым. Өнерді бағалай білуді үйрендім. Өнер мен көзбояушылықты біраз болса да ажырата бастадым.4. Достық. Интернетпен керемет адамдармен достастым. Кейбір достарым менің өмірдегі достарымнан да қымбатырақ. Өмірде сондай адамдармен сөйлесіп, дос болғаныма мың алғыс.Ғашықтарымды интернеттен табатын болдым. Бірақ көбіне кездесуден кейін бәрібір дос қылып аламын. :-)5. Бағыт-бағдар. Жалпы мен интернетте өзімді еркін сезінемін. Өзімнің мекенімде, өз орнымда отырған сияқты. Кейде өмірде іске асыра алмаған, басқа қырымнан көріне алмаған заттарымды осы интернетте көрсете алған сияқтымын. Өзіңе көңілің тойған сәтте ғана бағдарың мен не керек екенін білетін болады екенсің. Осыған көзім жетті. Өзімді тани білдім, маған не керек екенін білемін, бақытты болуға не керек екенін анықтадым, бәрі осы үстіндегі жазбалардың арқасы.

(100 баллов)
0

спасибо вам огромное!!!!

0

Не за что :)