Ашық рай іс-қимылдың үш шақтың бірінде орындалуын көрсетеді. Мысалы: Қар жауып тұр.(Осы шақ) Ертең хабарласарсың.(Келер шақ) Қырғыз елінде болғанмын.(Өткен шақ)
Қалау рай істі орындаушы адамның тілегін, ынтасын білдіреді.
Шартты рай іс-әрекеттің орындалу не орындалмауының шартын білдіреді.Шартты рай етістіктің түбіріне -са,-се жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Көп оқысаң, көп білесің. Кешікпей келсең, көрер едің.