Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары деген не?мысалы келтір

0 голосов
222 просмотров

Сөздердің тура және ауыспалы мағыналары деген не?мысалы келтір


Қазақ тiлi | 222 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Қазақ тілінде сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Тура мағына – сөздің бастапқы, негізгі мағынасы. Тура мағына заттың немесе құбылыстың атын тура атап көрсетеді. Мысалы, адамның аяғы, адамның қолы, адамның көзі, ыдыстың түбі, қыздың төркіні, қоянның құлағы, суық жел, биік тау, жылы киім.т.б. Ауыспалы мағына – сөздің тура мағынасының негізінде қалыптасқан, ойды көркемдеп жеткізу үшін қолданылатын келтірінді мағына. Мысалы, күннің көзі, жұмыстың аяғы, әңгіменің басы, сөздің төркіні, қазанның құлағы, суық хабар, биік мақсат, жылы сөз.
(122 баллов)