Атырау туралы шыгарма . Заранее большое Спасибо !!

0 голосов
89 просмотров

Атырау туралы шыгарма . Заранее большое Спасибо !!


Қазақ тiлi (14 баллов) | 89 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Атырау – Еуропа мен Азия құрлықтарының шекарасындағы әсем қала. 1991 жылға дейін қала Гурьев деп аталды. Кейін Атырауға ауыстырылып, теңіз жағасындағы қала Қазақстанның ірі қалаларының біріне айналды. Атырау қаласы Түрікменстан, Өзбекстан және Ресейдің Астрахань облысымен шектеседі.Қала көшелері кең әрі олардың атаулары ерекше. Атырау көшелерінің атаулары Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Степан, Разин, Емельян Пугачев сынды тарихи тұлғалардың құрметіне қойылған.Атырау қаласының заманауи сәулетінің Қазақстанның өзге қалаларынан еш айырмашылығы жоқ. Қаланың басты көрікті мекені - XIX ғасырда салынған Православ шіркеуі. Бұл шіркеу Атырау қаласында тұрғызылған алғашқы ғимарат. Жайық өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер көпірі қаланың мақтанышына айналған. Бұл көпір Әлемдік Рекордтар кітабына енген.

(214 баллов)
0

Атырау қаласы мәдени-танымдық және білім ордаларынан кенде емес. Мұнайшылар қаласына келген жандар қаланың мәдениет ошақтарын аралай алады. Облыстық тарихи-өлкетану мен Өнер мұражайлары, Драма театры, Мұнай айыру зауытының мәдениет үйі, филармония жұмыс істейді. Сондай-ақ, музыка, спорт мектептері, Атырау мұнай және газ институты, Халел Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті, Атырау политехникалық колледжі т.с.с. білім ордалары жас мамандарды оқытады.