1) Ұйқының пайдасы көп. Ұйықтау арқылы адамның ойы серпіліп, миы тынығады. Ұйқысы қанған адам күні бойы сергек жүреді.
2) Жақсы ұйықтау үшін адам жаман ойлардан арылып, ертеңгі күнінің жақсы өтетініне сеніп жатуы керек. Сонымен қатар ұйқы режимін сақтау керек. Сонда ғана жақсы ұйықтауға болады.
3) Ұйқы қанбаса, басымыз ауырып, мазамыз қашады. Әрбір жасалған іс нәтижесіз болып, көңіл-күйіміз бұзылады.