Казахстаны табигат байлыгы шыгарма

0 голосов
117 просмотров

Казахстаны табигат байлыгы шыгарма


Қазақ тiлi (14 баллов) | 117 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Түлкібас ауданындағы Ақсу-Жабағылы қо­рығынан әке­лінген дүниелер фестивальге келген қала жұртшы­лы­ғын бейжай қалдыр­ған жоқ. Шетелге шыққандар сол жақ­тың сұлу табиғатын айтуға сөз таппай аузының суы құрғап келеді. Олардың бізден айырмашылығы, табиғат байлығын күтіп ұстауға тырысатындығы ғана. “Табиғат – талбесігің” деп айқайлап айтқаны­мыз­бен сөзіміз бен ісіміздің қабыс­пай жат­қан­дығы болмаса шетелді мақтағыштар ондағы бар кереметті бір Ақсу-Жабағылы қорығының өзінен-ақ табар еді. “Қолда барда алтынның қадірі жоқ” дегендей, таби­ғат байлықтарының бағасын білмейді деп күстә­на­лайтын халқымыз соңғы жылдары жақсы жағына қа­рай өзгеріп келеді. Табиғат қорғау мекемелерінің өкіл­дері есігінің алдына тал отырғызып кетсе, “әй, ана­у­ың қуарып қалды ғой, суармайсыңдар ма?” деп делебе болғандай көзі ақиып телефонның құ­ла­ғына жарма­сатындар мен көзінің астын­да­ғы көгерішті көрмей кететіндер бұл күн­дері шелекке жармасатын болды. Бұл – жақсылық. Соңғы жылдары облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің тікелей басшы­лы­ғымен Шым­кент қаласын жасыл аймаққа айналдыру іс-шарасы өз жалғасын тауып келе жатыр. Бүгінгі күнге қала айналасына 2564 гектар жерге  1400,0 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды. Биыл облыс әкімі жасыл аймақтың көлемін арт­ты­ру мақсатында Сайрам, Ордабасы және Төлеби аудан­да­рынан 6000 гектар, Шымкент қаласының айнала­сы­нан 1500 гектар жер телімдерін белгілеп,  7500 гектар жерге 2011-2013 жылдары көшет егуді жоспарлауда. Осы жұмыстар іске асқан жағдайда қаланың эко­ло­гиялық ахуалы жақсарып, көптеген күрмеулі мәселелер шешімін табар еді. Облыста табиғат байлықтарын қорғауда атқарылатын шаруалар көп.

(77 баллов)
0

блин не то.