Помогите пожалуйста! Напишите текст ** казахском языке про праздник Наурыз

0 голосов
48 просмотров

Помогите пожалуйста!
Напишите текст на казахском языке про праздник Наурыз


Қазақ тiлi (51 баллов) | 48 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

  Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық мерекесі. Бұл күні қазақтар да наурыз көже пісіріп, наурыз жырын айтып, наурыз тойын еткізеді. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін қүрылған Кеңес екіметі бұл мерекені діни кертартпа рәсім деп тауып, 1926 жылдан ресми тойлауға тыйым салды. Тек елімізде демократиялық ағым бел ала бастаған 1988 жылдан бүкілхалықтық мейрам ретінде атап өтілетін болды. Абай «Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген тарихи мақаласында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың сонау «хибаги», «хүзағи» деп аталған заманға дейін апарып: «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп, тамаша қылады екен. Сол күнін «Ұлыстың Ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінге жанастырмай, кектем мерекесі екенін ашық жазады да, «Ұлыстың Ұлы күні» деген сөздің өз заманында алғашқы мәнін өзгертіп, Құрбан айтқа байланысты айтыла бастағанын ескертеді.
    Наурыз, март (парсыша «нау» (жаңа) және «рыз» (күн) – Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол – күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс (гуіл) естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан – жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» деген.

(44 баллов)
0

спасибо