Помогите перевести текст на русский, срочно, заранее спасибо
"«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысының Щучье ауданында орналасқан.Саябақ аумағына он
төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты,
Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар. Көл
шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың
келбеті бойжеткенді бейнелейді.Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен,
ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай
мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің
305 түрі бар. Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Бурабай
өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Жаз
айларында балалар лагері жұмыс жасайды.Бұл аймаққа денсаулығын түзету
мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен,
сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың
балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай."