Наурыз
жауһаз сырлары
Наурыз -
көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқында ерекше
құрметтейді. Қыстың ауыртпалығына мойымай шыққан адамдар мен жан-жануарлар
арқаларын кеңге салды. Көктемнің жұпардай аңқыған ауасымен тыныс алып, кеуделерін
зор қуаныш кернейтін еді.Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп,
адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн. Иә, барлық
адамдардың да, жануарлардың да сағына күткен көктемгі мейірімді де, қуанышты
жылы күндері де жетті.
Әз-Наурыз - барша халықтың асыл мұрасы. Наурыз
күнінің мәні халықтың қайырымдылықты, мейірімділікті,еңбекті ерекше бағалауында,
шаруашылықты қастерлеуінде жатыр. Оны әрқашан келер ұрпаққа дәріптеп отырған абзал.
Барша ұлттардың басын қосып, татулыққа, әдептілікке, тәрбиелікке, сыпайлық пен
достыққа үйрету қажет.