Көктем қыстан кейінгі екінші жыл мезгілі. Көктемнің айырықша белгілері өте көп. Мысалы, бұл мезгілде қар ериді, гүлдер гүлдейді, кұстар жылы жақтан қайтадан ұшып келеді. Көктемде күн жылый бастайды, күн ұзарады, жануарлар өз ұйқысынан тұрып, табиғат та жанданады. Көктемде түркі тектес халықтарының барлығына аян мереке болады. Ол мерекенің аты Наурыз, басқа тілдерді "Науруз", "Наврыз" және сол сияқты. Осы күнде кун мен түн теңеледі, адамдар жаратушыға бас иіп, қыстан аман-есен шыққандарына рахымшылық етеді. Көктем - әсем және көркем мезгіл. Көктем қыстың суығыменен және жаздың аптап ыстығының арасындағы көпір сияқты. Көктем мезгілін мен және менің отбасым асыға күтеміз. Мен көктем мезгілін жаңарудың, жаңа бастаманың және жанданудың символы ретінде қарастырамын.