** 2-ой картинке не обращайте внимание ** то что там написано,прошу нужно к завтрашнему...

0 голосов
147 просмотров

На 2-ой картинке не обращайте внимание на то что там написано,прошу нужно к завтрашнему дню!!!


image
image

Қазақ тiлi (27 баллов) | 147 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

.Ответы к 1 картинке:
2.а
3.б
4.б
Ответы к 2 картинке:
Етістік-заттың қимылын білдіретін сөз табы.Сұрақтары:не істеді?не қылды?қайтті?
Етістіктің 3 шағы бар.Олар осы шақ өткен шақ келер шақ. 
Осы шақтың 2 түрі бар: 1)Ауыспалы осы шақ. 2) Нақ осы шақ. Ауыспалы осы шақ "-а”, "-е”, "-й” көсемше тұлғалы етістіктің жіктелуі арқылы жасалады ("Мен жүземін, оқимын”. "Сен жүзесің, оқисың”. "Сіз жүзесіз, оқисыз”. "Ол жүзеді, оқиды”). Немесе дағдылы түрде болып тұратын құбылыстарды білдіреді: "жаңбыр жауады”, "құс ұшады”, "ит үреді”. Бұл етістіктің осы не келер шақты білдіріп тұрғаны сөйлемнен анықталады. Нақ осы шақ қалып етістіктің ("жүр”, "жатыр”, "отыр”, "тұр”) тікелей жіктелуі арқылы немесе негізгі етістіктерге осы қалып етістіктердің тіркесіп, жіктеліп келуі арқылы жасалады ("Мен отырмын, жазып отырмын”. 


Өткен шақ 3 топқа бөлінеді: 1) Жедел өткен шақ "-ды, -ді”, "-ты, -ті” жұрнақтары арқылы жасалып, іс-әрекеттің жуық арада ғана болып өткенін, аяқталғанын көрсетеді. Мысалы: "келдім”, "таптыңдар”. 2)Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөз болып отырған уақыттан көп бұрын іске асқанын білдіріп, айғақты түрі есімшенің "-ған, -ген”, айғақсыз түрі көсемшенің "-п”, "-ып”, "-іп” тұлғаларындағы етістіктің тікелей жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: "барған”, "айтқан”, "барыпты”. 3) Ауыспалы өткен шақ — іс-әрекеттің бірнеше дүркін болып өткенін білдіреді. Есімшенің "-атын, -етін”, "-йтін” формалары арқылы жасалады. Мысалы, "тыңдайтынбыз”, "көретінсіңдер”. 
Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіретін етістіктің бір шағы. Келер шақтың негізгі 3 түрі бар: 1) Болжамды келер шақ — есімшенің "-ар”, "-ер”, "-р”, "-с” қосымшалары арқылы жасалады: "берерміз”, "айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: "-атын”, "-етін” есімше тұлғалы етістікке "шығар”, "секілді”, "тәрізді” сөздері тіркесуі мен "-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына "мүмкін”, "тиіс”, "қажет”, "керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. 2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге "-мақ, -мек”, "-бақ, -бек”, "-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: "жүрмек”, "айтпақпын”. 3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің "-а”, "-е”, "-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: "барады, оқиды”.


Нан бар жерде ән бар Дәнді шашпа, нанды баспа. Нан— тамақтың атасы Ынтымақ — көптің батасы. Нан — асалы, Ана — адамның асалы. Нан астығын жинаймын, Елге астық сыйлаймын. Ас атасы - нан. Ас адамның арқауы.

Дәнді шашпа, нанды баспа. 
Ас атасы  - нан. 
Таспен ұрғанды аспен ұр.
9.Сабағын жақсы оқып,бір мамандықтын иесі болып сонын жемісін тату.
Помогла?! Не забудь нажать Спасибо♥

(46 баллов)