Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы-Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі. 25 мусым 1893, қазіргі Мағжан Жұмабай ауданы, Сасықкөл жағасыда дүниеге келген. Табиғатсыз, жаратылыссыз
адам жоқ. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған бағынбайды,
дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем
болғысы келеді (“От”).Құбылыстың мәнін кең көлемде,
жалпыға бірдей қалыпта тани білуде ақын, ең алдымен, ненің болса да
мән-мазмұнына үңіледі, әрдайым жалпы адамзатқа тән әуенге бой ұрады, табиғаттың
өз заңына ғана бағынатын құбылыстардың ішкі құпия астарын ұғынғысы келеді.
Жұмабайұлының ойынша ақын деген болжап білмес жолға сапар шеккен пір, кейде
жын, кейде бала, сол сапарда ол қиындықты қайыспай көтеретін, не дүниені тәрк
етіп, бәрінен безінетін жан. Ақын “Қорқыт” поэмасында философиядағы мәңгілік
тақырып – өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде
суреттейді. Ажал – хақ, сондықтан да өмір жібінің түйінінде өлімді болмай
қоймайтын өмір ақиқаты ретінде қабылдау қажет деп санайды ол.