Қазіргі уақытта не арсыз? Шыгарма

+99 голосов
3.1m просмотров

Қазіргі уақытта не арсыз? Шыгарма


Другие предметы | 3.1m просмотров
Дан 1 ответ
+71 голосов

Ответ:

Ноғайлының ханы Жәнібек халықты жиып:

—  Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады? — депті.

Жиналған халық көп дағдарып:

                             Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.

                             Үш ғайып: қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып,— деп шешіпті.

Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.

Сонда Жәнібек хан:

— Елде келмеген кім қалды? — деп сұрапты.

— Келмеген Қарабас шешен қалды,— депті халық. Жәнібек Қарабасты шақыртып алып әлгі сөздің шешуін содан сұрапты.

Сонда Қарабас: — Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой! — депті де:

                               Оты жоқ жер жетім,

                               Басшысы жоқ ел жетім.

                               Елінен ауған ер жетім,

                               Тыңдаусыз сөз жетім,

                               Жоқтаусыз қыз жетім,— дейді.