Ответ:
Өлім деген не? Соны қарастырып көрейік. Өлім ресми дерек анықтамасына сәйкес өмірдің аяқталуы деген мағынаны береді. Шындығында солай ма? Өлімнен кейінгі өмір туралы Құранда былай айтылған: «Әй, адамдар! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине Біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе (жаратылыстарыңды) білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөбек түрінде шығарамыз. Одан кейін ер жетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әрнәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әртүрлі көркем өсімдік өндірді. Осы дәлелдер бойынша, шын мәнінде Аллаһ; Ол – Хақ, Күдіксіз Ол, өлікті тірілтеді. Өйткені, әрнәрсеге күші жетеді. Әлбетте Қиямет келеді. Онда күдік жоқ. Шәксіз Аллаһ, қабірдегілерді тірілтеді»