Ответ:
Палеолит – көне тас ғасыры Адам мен оның[1] шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Объяснение: