Томендеги создерди пайдаланып,жазгы демалысты калай откизгенин туралы сойлем...

+499 голосов
5.4m просмотров

Томендеги создерди пайдаланып,жазгы демалысты калай откизгенин туралы сойлем кура :демалыс,жаздыгуни,колгабыс,Алакол,жагажай,саяжай,жанкуйер,сарыагаш,солтустик,тогызкумалак


Қазақ тiлi (13 баллов) | 5.4m просмотров
Дан 1 ответ
+55 голосов
Правильный ответ

Ответ:

Жазғы демалыс.

Көптен күткен жазғы демалыс та келіп жетті. Жаздыгүні әдетте алдымен атам мен әжемнің аулына барып, біраз қолғабыс етемін. Атам екеуміз малды жайлауға шығарамыз, қолым бос кезде қора тазалап, аулада арамшөп жұламын. Ауылда бір айдай демалған соң, солтүстіктен келген туысқандарымызбен Алакөлге барып демалдық, ал атам мен әжем болса, Сарыағашқа демалуға кетті.

Жағажайда армансыз ойнап, суға түсіп, күнге күйдік. Демалушылар арасында тоғызқұмалақтан сайыс  өткізіліп, біздің отбасымыздан ағам қатысқан болатын. Күнде барлығымыз жиналып, ағама жанкүйер болуға баратынбыз. Сайыс соңында ағам жеңіске жетіп, біздің мақтанышымызда шек болмады. Осылайша Алакөлдегі демалысымыз да аяқталып, үйге қайтатын кез келді. Демалысымның соңғы айы саяжайда арамшөп жұлып, көкөніс, жеміс-жидек терумен өтті.

(4.5k баллов)