1. «Ел ордасы - астана» тақырыбына эссе жазыңдар (көлемі 7-9 сөйлем). 2. Омоним,...

+957 голосов
1.1m просмотров

1. «Ел ордасы - астана» тақырыбына эссе жазыңдар (көлемі 7-9 сөйлем). 2. Омоним, синоним, антоним дегеніміз не? Мысал келтіріңдер. 3. Мемлекет, ауыл сөздерін тәуелдеңдер. помогите пожалуйста


Қазақ тiлi (26 баллов) | 1.1m просмотров
Дан 1 ответ
+143 голосов
Правильный ответ

Ответ:

1. «Ел ордасы - Астана».

Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін қала.

1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді.

Мен өз болашағымды елімнің бас қаласы Астанамен байланыстырамын. Осы жерде орналасқан іргелі оқу орындарының бірі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алғым келеді.

2. Омонимдер - жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер.

Мысалы:

Кіріс:

а) баста, істе;

ә) табыс.

Біз:

а) тігін кұралы;

ә)жіктеу есімдігі.

Өкпе:

А) тыныс мүшесі;

Ә) реніш.

Синонимдер - жазылуы әр түрлі, мағыналары ұқсас сөздер.

Мысалы:

Атамекен - Отан, туған жер, туған ел.

Бағалы - құнды, қымбат.

Қабілетті - дарынды, талантты, талапты.

Аялдау - бөгелу, кідіру.

Антонимдер - мағыналары қарама-қарсы сөздер.

Мысалы:

жақсы - жаман,

биік - аласа,

қымбат - арзан.

Мемлекет, ауыл сөздерін тәуелдеу.

Жекеше

Менің мемлекетім, ауылым.

Сенің мемлекетің, ауылың.

Сіздің мемлекетіңіз, ауылыңыз.

Оның мемлекеті, ауылы.

Көпше

Біздің мемлекетіміз, ауылымыз.

Сендердің мемлекеттерің, ауылдарың.

Сіздердің мемлекеттеріңіз, ауылдарыңыз.

Олардың мемлекеттері, ауылдары.

(4.4k баллов)