Ответ:
Біржан Қожағұлұлы 1834 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.Жастайынан той-томалақта өлең айтқан.1865 жылы Абаймен кездесу Біржанға қатты әсер еткен.Бұл кездесу оның ақындығының, әншілігінің дамуына көп ықпал етеді.Біржан қазақтың дәстүрлі өнерін,қазақ музыкасын өзінің ән - жырларымен толықтырған ірі тұлға.Біржан қазақтың әншілік - орындаушылық өнерін дамытқан әқын.Біржан салдың бізге жеткен 60 жуық ән - жыры бар.Біржан әндері:"Ғашығым","Ләйлім шырақ","Қаламқас" т.б. сұлу сезімге толы."Жамбас сипар","Теміртас,""Алтын балдақ","Көкек" т.б.әндері қазақ ән-жырларының алтын қорына енген.Біржан салдың атағы Сарамен айтысында бүкіл елге жайылды.Біржанды тыңдаған ұлы Абай: Құлақтан кіріп,бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй,-деп ғұмырлық сөз қалдырған екен.Біржан сал - қазақ ән - жырының шамшырағы.