Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз. Жолдың аты жібек саудасына байланысты...

+667 голосов
3.6m просмотров

Мәтіндегі бос орындарға тиісті сөздерді қойыңыз. Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек 1|____________ керек. Табиғи жібек талшықтары 2_____________жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді 3___________ үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың 4___________ арасына жасырып алып шықса керек. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде 5___________, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. 6_____________ жібек өндірудің дамығаны сонша, олар жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда орындары ашылды. Жібек жолының соңғы нүктесі Жапонияның ертедегі астанасы 7___________қаласында жібек сататын орындар болған. Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ 8____________ өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде 9 ___________ жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі 10 _____________ аралығы. Жібек жолының басы Қытай жеріндегі 11________________ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, 12______________өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.


Литература (14 баллов) | 3.6m просмотров
Дан 1 ответ
+74 голосов

Ответ:1 талшықтары

2тұт

3Қытай

4Шаштарының

5византия

6соғды

7Нарга

8шығыс

9б,з,д 2750 жылы

10б,з,д, 5-2 ғасыр

11Хуанхе

12 іле

Объяснение:

Жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқалар жұлдыз құрт болып дамиды. Оны жұлдыз құрт немесе тұт жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған.

Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіруді Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, оны өндірудің тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырып алып шықса керек. Содан жібек өндіру біздің заманымыздың алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде де жүзеге аса бастаған. Соғдылықтарда жібек өндірудің дамығаны сонша,олар жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Қытайдың кейбір қалаларында олардың сауда орындары ашылды. Жібек жолының соңғы нүктесі— Жапонияның ертедегі астанасы Нарга қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі—- ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақтаулы тұруы. Сол сияқты жібек өндіру жапон елінде, Кавказ жерінде де жандана бастаған. Сөйтіп, Ұлы жібек жолының бойындағы сауданың дамуының арқасынде бүкіл дүниежүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылықтың түрлері дами бастады.

Ал «ұлы» сөзінің қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен батыс өлкелерін қосып, байланыстырып жатуынан, жол бойындағы елдердің тіршілігін жандандыруынан. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталады. Жібек матасы қытай жерінде б.з.д. 2750 жылы жасалған. Ал оның сауда жолына шығарылып сатыла бастағаны немесе айырбас саудаға түскен мерзімі б.з.д. V-ІІ ғасырлардың аралығы.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады.

(763 баллов)