Берілген үзіндіні оқып, Азаттың күйзелу себебін 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.
...Біреуден ұрыс естіген адамдай болып, тымырайып үнсіз тұрған — Ая екеуміз. Бір-екі рет өзара жасқана қарағанымыз болмаса, бір-бірімізбен жарытып сөйлескеніміз де жоқ... «Сәбидің алдында өтірікші болдым-ау», — деген өкініш те бір сәт өзегімді жалап өтеді. Қызымның тұнжырау себебін сезіп тұрсам да, ой түкпірін анық тани алмай, дағдардым. Төмен салған ұзын кірпіктері жанарын жасырып, көлегейлей береді.